Menu HELPDESK

Консерваторияда «Жасай бер, Қазақ елі» атты мерекелік концерт өтті



1990 жылы 25 қазанда Республиканың Жоғары Кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму және өркендеу жолында келеді.

13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, Президентіміз Қ.К.Тоқаев тиісті Заңға қол қойып, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екеніне тоқтала келе: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деп атап өткен еді.

Осыған айтулы күнге орай, 25 қазанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Жасай бер, Қазақ елі» атты мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламада консерваторияның студенттік оркестр, хор ұжымдары, жеке орындаушы оқытушылар мен студенттер өнер көрсетіп, ән мен күйден шашу шашты.















Альбомдарға оралу