Menu HELPDESK

Консерваторияда Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Ганира Пашаева қонақта болды



14 маусымда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты, Әзірбайжан Мәдениет комитетінің төрағасы, профессор, философия докторы Ганира Пашаева қонақта болды.

 

Сыйлы қонағымыз Ф. Шопен атындағы камералық залда консерватория оқытушылары және қызметкерлерімен кездесті.

Басқосуда алғы сөз кезегін алған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорының міндетін атқарушы Әбдірахман Гүлнар Бахытқызы қадірлі мейманға ізгі ниеті мен ілтипатын білдірді. Келелі кездесу барысында Әзірбайжандық профессор Ганира Пашаева сахна төріне көтеріліп, екі елдің өнері мен мәдениеті жайында әңгіме өрбіте келе, кездесуді ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, консерватория оқытушылары мен қызметкерлеріне зор алғысын білдірді. Сондай-ақ, аталмыш кештің қадірлі қонағына «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры» атағы салтанатты түрде табыс етілді.

Кездесу соңы оқытушылар мен студенттер тарапынан дайындалған дәстүрлі музыка концертіне жалғасты.



















Альбомдарға оралу