Menu HELPDESK

Консерваторияның 1 және 2 курс студенттеріне арналған Польшаға Erasmus+



Краковтағы к. Пендерецкий атындағы музыка академиясы / The Krzysztof Penderecki Academy of Music in Krakow (AMKP) 2024-2025 оқу жылының бір семестр ішінде (2024 қазан айы – 2025 қаңтар айы) дирижер, фортепиано, вокал және басқа да аспаптық оркестрлік аспаптар мамандықтары бойынша, оқуға конкурс жарияланады.

Үміткерлер мен өтінімдер саны шектелмейді, шектелген тек гранттар саны - 2.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер келесі критерийлер мен талаптарға сай болуы тиіс:
- ҚР азаматы;
- Дирижер, фортепиано, вокал және басқа да аспаптық оркестрлік аспаптар мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студентті;
- Алдыңғы оқу кезеңіндегі жоғары оқу үлгерімі (GPA 3,0);
- Жауапкершілік және коммуникабельділік;
- Ағылшын тілін білудің жақсы деңгейі: ауызша/жазбаша тілді түсіну, дәрістерге/семинарларға қатысу, сонымен қатар өз ойларыңызды тұжырымдай білу.

Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар (грант иегерлері)  үшін де, ақылы негізде оқитындар үшін де ашық.
Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Erasmus+ бағдарламасы аясында шығындарды (тұру, көлік, стипендия) толық өтей отырып оқитын болады.

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы 15 сәуір
Сондай-ақ 2024 жылғы 15 сәуірге дейін жарамды B1, B2 деңгейіндегі DUOLINGO немесе IELTS сертификатын. 
Егер сертификат көрсетілген мерзімде берілмесе, үміткер мамандық бойынша қабылданғанына қарамастан, академиялық ұтқырлық бағдарламсына қабылданбайды.
Қабылдаушы Тараптың тиісті факультеті іріктеуді өзі жүргізеді.

Конкурсқа ағылшын тілінде қатысу үшін, халықаралық бөлімге Word форматында электрондық түрде, халықаралық бөлімінің Email-на intdepkons@gmail.com қажетті жеке құжаттар:

1) Europass резюмесі https://europa.eu/europass/en/create-europass-cv;
2) Аудио-, видео жазбалар (YouTube сілтемелері ретінде) шығармалардың атаулары және көрсетілген аспаптағы ойындар (хатта немесе резюмеде бөлек жазып көрсету);
3) Мотивациялық хат (1–2 стр.), сондай-ақ, MOTIVATION LETTER (BRIEF) бөлімінде мәлімдемелерді қысқаша қайталап жазыңыз;
Студенттер ұсынылған пәндер тізімінен (https://www.amuz.krakow.pl/en/erasmus/ects/)  алдын ала оқу жоспарын құра отырып, пәндер тізімін өтініште көрсетіңіз.

Онлайн-өтінім бергеннен кейін халықаралық бөлімнің қызметкерлеріне телефон арқылы хабарлау қажет +7 727 338 44 83 және +7 705 642 67 41 (Серғазы)
Консультацияларды келесі телефон нөмірі арқылы да алуға болады: +7 702 599 00 62 (WhatsApp, 13:00 кейін кез келген күні), халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер – Жaния Рахманқызы.

STUDENT APPLICATION FORM TO KRAKOW 



Альбомдарға оралу