Menu HELPDESK

Консерваторияның жатақханасында студенттік өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен түрлі спорт шаралары өткізілді

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында Студенттік өзін өзі басқару ұйымының бастамасымен түрлі іс-шаралар өткізілді. 

Атап айтар болсақ, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, шашки, қол күресі, дартс секілді спорттық ойын түрлерінен жарыстарға студенттер бірауыздан атсалысып, белсенділік танытты. Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, озық деп танылғандар марапатқа ие болды.











Альбомдарға оралу