Menu HELPDESK

Консерватория ректоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы студенттермен кездесті.



Бүгін 2024 жылдың 24 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы студенттермен кездесті. Консерваторияның үлкен концерттік залында өткен жиынды Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы бастаған Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырды.

Бұл кураторлық сағатта ректор студенттердің өтініштерін тыңдап, ұсыныстарына жауап берді. Сондай-ақ, студенттердің тұрмыс жағдайын білу үшін жатақханаларды аралап, ондағы студенттермен кездескендігін, консерваторияда жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі студенттер арқылы бағаланатындығын сөз етті. Сондықтан алдағы уақытта да студенттермен жиі кездесіп, әрдайым олардың өтініш-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екендігін айтты.

Нұркен Нұрғалиұлы студенттердің түрлі сұрақтарына жауап беріп, осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып, білім алушылардың мәселелерін үнемі назарында ұстап отыратынын жеткізді.









Альбомдарға оралу