Menu HELPDESK

Консеватория студенттері Виго қаласында (Испания) оқуға кірісті

Бағдарлама аясында үшінші курс студенттері Нұрай Рысқұлова (скрипка) және Зарина Рысқали (скрипка) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен тығыз байланыстағы Еуропаның жетекші оқу орындарының бірі — Виго Жоғары музыка консерваториясында білім алатын болады. Олар 2025 жылдың 25 қаңтарынан 31 мамырына дейін ішекті аспаптар саласындағы дағдыларын жетілдіріп, білімдерін тереңдететін болады. Бұл тәжірибе — кәсіби шеберлікті арттыру ғана емес, сонымен қатар Еуропаның бай мәдени атмосферасына енуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың 13 ақпан күні Қазақстан Республикасының Испания Королдігіндегі Елшілігі мен Қазақ ұлттық консерваториясының ынтымақтастығы аясында студенттер қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығына арналған поэзия кешіне қатысты. Салтанатты шара Мадридтің Ұлттық кітапханасында өтті, мұнда студенттер А. Толғанбаевтың «Шығыс биі», К. Шілдебаевтың «Қара кемер» және «Желсіз түнде жарық ай» шығармаларын орындады.
Зарина мен Нұрайды оқудың басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға білім алу жолында үлкен табыс, жаңа мүмкіндіктер және музыкалық жетістіктер тілейміз!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Виго жоғары музыка консерваториясының басшылығына, ректорат және оқытушы құрамына, әсіресе International Relations Coordinator, Prof. JOSE L. FERNANDEZ-ке екі мемлекеттің жоғары оқу орындары арасындағы қалыптасқан сапалы және тиімді байланыс үшін алғысын білдіреді!

 

  

Альбомдарға оралу