Menu HELPDESK

Л. Керубини атындағы Флоренция консерваториясының өкілдерімен кездесу


2024 жылғы 7 маусымда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әкімшілігінің Луиджи Керубини атындағы Флоренция консерваториясының жаңа серіктес ЖОО өкілдерімен алдағы ынтымақтастықты талқылау үшін екі Консерватория арасында онлайн-кездесу өтті.


Кездесу барысында тараптар қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру мүмкіндігі мен перспективаларын, сондай-ақ Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық шеңберіндегі ынтымақтастықты қарастырды. Сонымен қатар, Флоренция консерваториясының өкілдері Қазақ консерваториясында шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға және оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Кездесуге қатысушылар халықаралық академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Музыкалық білім беру саласындағы бірлескен жобаларды табысты іске асыруға үміт білдірді.

Альбомдарға оралу