Menu HELPDESK

Әлеуметтік осал топтарының санатына жататын студенттермен кездесу


2024 жылдың 16 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында әлеуметтік осал топтарының санатына жататын студенттермен кездесу болып өтті.
Іс-шараны тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Құлданов Н.Т. қиын жағдайдағы студенттерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырды.

Кездесу барысында медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Проректор консерваториямызда барлық студенттер үшін, соның ішінде қосымша қолдауды қажет ететіндер үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселесіне ерекше мән берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Еңбек күні қарсаңында консерваторияның психологы Шабденова Д.Т. «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Талқылау барысында студенттер жеткен жетістіктерімен, армандары мен болашаққа құрған жоспарларымен бөлісіп, еңбексүйгіштік, мақсат қою жетістікке жетудегі басты факторлар екендігін айтты.

Консерватория инклюзивті білім беру ортасын құрып, әрбір студентке тең мүмкіндіктер беру ісіне басымдық бере отырып, әлеуметтік осал топтарының санатына жататын студенттерге барынша қолдау көрсету жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

    

   



Альбомдарға оралу