«Мәдениеттер диалогы – достық көпірлері» халықаралық жобасы аясындағы жұмыс кездесуі

2025 жылғы 11 шілдеде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Мәдениеттер диалогы – достық көпірлері» халықаралық жобасын іске асыру аясында А. К. Глазунов атындағы Петрозаводск мемлекеттік консерваториясы мен Қоғамдық дипломатияны дамыту жөніндегі Карелия қорының өкілдерімен онлайн форматтағы жұмыс кездесуіне қатысты.
Жоба Президенттік мәдени бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылуда және оған Ресей (Карелия), Беларусь және Қазақстан елдерінің өкілдері қатысады. Жобаның негізгі мақсаты — ТМД елдеріндегі жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында толеранттылықты, өзара құрмет пен мәдени байланыстарды нығайту.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы тарапынан кездесуге ғылыми-инновациялық жұмыс, шығармашылық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Айзада Сайфоллақызы Нусупова және халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Дамир Дүйсенұлы Уразымбетов қатысты.
Ресей тарапынан кездесуге жобаның жетекшісі, Қоғамдық дипломатияны дамыту жөніндегі Карелия қорының атқарушы директоры Наталья Вячеславовна Лаврушина, Петрозаводск консерваториясының ғылыми және шығармашылық жұмыс жөніндегі проректоры Татьяна Викторовна Красковская және Петрозаводск консерваториясының оқу бөлімі (халықаралық байланыстар) жетекші маманы Наталия Александровна Дробаха қатысты.
Кездесу барысында 2025 жылғы 20–30 қараша күндері Петрозаводск қаласында өтетін Халықаралық музыка мектебіне дайындыққа қатысты жұмыс және ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тараптар симфониялық және камералық оркестрлердің бірлескен концерттерін, шеберлік сыныптарын, сондай-ақ ғылыми және білім беру бастамаларын өткізу мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті және жобаның жоғары әлеуетін ерекше атап көрсетті.