Мәдениеттер диалогы: үш консерваторияның халықаралық білім беру жобасының тұсау кесері өтті
24 маусым 2025
2025 жылғы 24 маусым күні онлайн форматта Орта Азия мен Ресейдің үш консерваториясы: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы, Л. В. Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясы арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында әзірленген ғылыми-әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті.
«Ұлттық фортепианолық мектептер» халықаралық жобасы - ауқымды зерттеу және көркем-педагогикалық жұмыстардың нәтижесі. Алғаш рет бірыңғай мультимедиалық басылымда Қазақстан, Өзбекстан және Ресей композиторларының заманауи фортепианолық шығармалары нотада, ғылыми-әдістемелік талдауда және QR-кодтар арқылы қолжетімді орындаулар түрінде ұсынылды.
Басылымның басты ерекшеліктері:
• ғылыми мақалалар мен әдістемелік кеңестер;
• үш мемлекеттің 17 композиторының заманауи туындылары;
• ноталар мен интерпретациялардың бейнежазбалары;
• педагогтерге, студенттерге және кең ауқымды кәсіби аудиторияға қолжетімділік.
Авторлар – жетекші оқытушылар мен зерттеушілер:
• Казақстаннан – Л. Ақшпекова, Г. Әбдірахман, М. Булембаева, Р. Дюсембаева, А. Закирова, А. Қалибаева, Д. Тоқмурзиева;
• Өзбекстаннан – Д. Ислямова, Ф. Мухамедова, Н. Стеценко;
• Ресейден – И. Виноградов, А. Демченко, Н. Корепина, Т. Левашова, Н. Новокрещенова, И. Полозова, М. Преображенский.
Онлайн-презентацияға әртүрлі елдерден білім беру және ғылыми қауымдастықтардың өкілдері, студенттер, педагогтер мен музыканттар қатысты. Олар жобаның өзектілігін және оның Еуразия кеңістігіндегі кәсіби әрі мәдени байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025