Menu HELPDESK

Мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі басты назарда


15 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында өнер-білім ордасында білім алып жатқан белгілі санат қатарына жататын студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі жоспарға сәйкес өткізілген жиында консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы ерекше қызмет алу қажеттіліктері бар студенттермен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, бүгінгі таңда заң аясында қарастырылған жеңілдіктер және консерватория тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Басқосу барысында аталмыш көмекке мұқтаж студенттер өз ойларын ортаға салып, оқу орны тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтары үшін консерватория басшылығына ризашылықтарын білдірді.


Альбомдарға оралу