Menu HELPDESK

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту – басты назарда


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында өнер-білім ордасында білім алып жатқан белгілі санатқа жататын студенттермен кездесу өтті. 

Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес өткізілген жиында консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы ерекше қызмет алу қажеттіліктері бар студенттермен кездесіп, олардың арзу-тілектерін тыңдап, заң аясында қарастырылған жеңілдіктер және консерватория тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында аталмыш көмекке мұқтаж студенттер өз ойларын ортаға салып, жасалып жатқан қамқорлықтары үшін консерватория басшылығына ризашылықтарын білдірді.




Альбомдарға оралу