Мәскеу флейта орталығы директорының шеберлік сағаты
Мәскеу флейта орталығы директорының шеберлік сағаты
2025 жылғы 24 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Мәскеу флейта орталығының көрмесі және МФО директоры Николай Плотниковтың флейтаны ұсақ жөндеуден өткізу және оған күтім жасау тақырыбында шеберлік сағаты өтеді.
«Аспаптық орындаушылық» БББ бойынша білім алушы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды, сондай-ақ арнайы музыкалық колледждер мен мектептердің студенттері мен оқытушыларын шақырамыз. Барша қонақтар Мәскеу флейта орталығының флейталар көрмесін де тамашалай алады.
Басқа ұйымдардан шеберлік сағатына қатысамын деушілер +7 727 338-44-83 нөмірі арқылы немесе intdepkons@gmail.com.электронды поштасы арқылы хабарласа алады.