Menu HELPDESK

Магистратура бойынша алғашқы шығармашылық емтихандар болып өтті

2024 жылы 17 шілдеде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Музыкатану», «Композиция», «Дәстүрлі музыка өнері», «Аспаптық орындау», «Дирижерлеу», «Вокалдық өнер» және «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламаларына сәйкес магистратура деңгейі бойынша алғашқы шығармашылық емтихандар болып өтті.

Емтиханға жалпы саны 65 үміткер қатысты. Барлық білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихандар консерваторияның аудиториялары мен Шопен атындағы камералық залында, А.Жұбанов атындағы кіші залда, сондай-ақ, Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залда өтті.

Емтихан нәтижелері Құрманғазы атындағы ҚҰК сайтында орналастырылды









Альбомдарға оралу