Menu HELPDESK

Магистрлік оқулар

27 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында жылда өтетін Магистрлік оқулар басталды. Іс-шара өнер саласындағы ғылыми танымды және зерттеу бастамаларын дамытуға бағытталған.

Биылғы жылы ұйымдастыру комитетіне рекордтық көлемде – 54 мақала келіп түсті. Магистрлік оқуларына Қазақстанның жетекші өнер университеттерінің,  яғни Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранттары қатысуда.

Магистрлік оқулар - идеялармен алмасу, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін кеңейту және өнер саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Қатысушыларымызға жаңа ғылыми ашылымдар мен  шығармашылық өнімділік тілейміз.

   

Альбомдарға оралу