Menu HELPDESK

Марат Бисенғалиевтің концерті өтті


Бүгін консерваторияның Камералық оркестрінің сүйемелдеуімен Марат Бисенғалиевтің концерті өтті.

Эльгар мен Дженкинстің музыкасы мен қазақтың этникалық әуендерін үйлестірген бағдарлама көрермендерге керемет әсер берді.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова Марат Бисенғалиевке Қазақстанның музыкалық мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін құрметті профессор атағын салтанатты түрде табыстады.

Кештің құрметті қонақтары ретінде ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар қатысты. Бұл концерт консерваторияның мерейтойлық жылындағы жарқын оқиғалардың бірі болды.

Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар — жақын арада біз басқа мерейтойлық іс-шаралардың бағдарламасын жариялаймыз!

   

   

   

Альбомдарға оралу