Menu HELPDESK

«МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТПЕК

IMG-20221013-WA0020.jpg

Ұлттық мереке – Республика күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбы бойынша студенттер арасында эссе жазу байқауы өтпек.

Байқаудың мақсаты – білім алушы жастардың сана-сезімін дамыту, олардың болашағының ел болашағымен байланысты екенін және ел болашағы үшін жауапкершілік арқалау қажеттігін түсіндіру, жастар шығармашылығына қолдау көрсету.

«Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

Аталмыш байқаудың шарты бойынша эссе тақырыбына сай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған шығармашылық жұмыстар қабылданады. Байқауға қатысушылар эссеге қойылатын талаптарды орындай отырып, Қазақстанның болашағы және сол болашақты қалыптастырудағы өздерінің рөлдері туралы ойларын білідіріп, негіздеуі керек.

Байқауға Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның студенттері мен магистранттары қатыса алады.

Эссе жазу байқауы 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында өтеді. Байқауға бір қатысушы тек бір жұмыс жібере алады. 

Эссенің мазмұнына қойылатын талаптар:

- тақырыпқа сай болу;

- автордың өзіндік ойын, пікірін білдіру;

- нақты дәлелдер келтіре отырып ойды, пікірді негіздеу.

Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- көлемі 3 бетке дейін; - жоғары – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см. – Times New Roman – 14 pt, жол аралық интервал – бірлік, абзац – 1 см;

- титулдық бетте ЖОО-ның толық атауы, тақырып, автордың аты-жөні, мамандығы, курс, байланыс телефоны, электронды поштасы көрсетілуі керек. 2022 жылғы 15 қазаннан кейін жіберілген жұмыстар қарастырылмайды. 

«Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының комиссия құрамын бекіту туралы БҰЙРЫҚ

Байқауға төрелік ететін қазылар алқасының құрамында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы Ешмұханов, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, профессор, философия ғылымдарының докторы Әлима Ғафуқызы Қайырбекова, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға-оқытушысы, магистр Қарлығаш Көкенайқызы Матжанова, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Альмира Бекетқызы Наурызбаева, Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жалғас Жанысұлы Ысқақов, сондай-ақ Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Ажар Серікқызы Рақышева бар.

Байқауды ұйымдастыру комитеті байқауға келіп түскен барлық жұмыстарды қарастырып, 16 қазан күні байқаудың қорытындысын шығарады. 1, 2, 3 орындарға ие болған жүлдегерлерді анықтайды. Ең үздік жұмыс Республикалық байқауға жіберіледі. Жүлдегерлерді марапаттау салтанатты түрде Республика күніне арналған мерекелік іс-шарада жүзеге асырылады.

Эссе жазу байқауында бақ сынайтын білім алушыларымыздың қаламдары ұштала берсін демекпіз!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Альбомдарға оралу