Menu HELPDESK

«Меруерт-маржан әуендер» атты концерт



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында «Қобыз және баян» кафедрасының 2-курс студенттерінен құралған «Меруерт» прима қобызшылар ансамблінің «Меруерт-маржан әуендер» атты шығармашылық концерті өтті. Ансамбль жетекшісі – ұстаз, өнертану ғылымдарының магистрі Әсел Рақымжан.

Концерт барысында аға оқытушы Айгерім Қарсақбаева қыл қобызда, ұстаз, «Құрмет» грамотасының иегері Ғалымжан Нарымбетов баянда, Сатжан Шаменов рояльда, Динара Шайқос контрабаста, Арухат Мусаипов саксофонда, Нұрсұлтан Егемберді мен Нұрсұлтан Алимбеков бас қобызда және Еділ Усурханов кахон аспабында ойнап, залға жиналған көрерменді орындаушылық шеберліктерімен таң-тамаша етті. Фортепианода ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Жидилова сүйемелдеді.


Концерттік кеш барысында Қазақстан және шетел композиторларының танымал туындылары жоғары дәрежеде орындалды. Әсем әуен, сырлы саз көрерменге ұмытылмас әсер сыйлап, өнерпаздар көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді.










Альбомдарға оралу