«МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША XVІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
2025 жылының 17-18 сәүір күндері Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкатану және композиция» кафедрасының ұйымдастырылуымен Республикалық музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектептердің білім алушылардың арасындағы «Музыка теориясы» номинациясы бойынша XVІІ Республикалық Кіші олимпиада өз мәресіне жетті.
Олимпиадаға 11 үміткер қатысты: Шымкент қаласы білім басқармасының саз колледжінен 2 студент (Шымкент қ.); Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінен 1 студент (Қарағанды қ.); К.Байсейітова атындағы РОМММИ 1 оқушы (Алматы қ.); П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінен 4 студент (Алматы қ.); Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінен 2 студент (Өскемен қ.), К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ колледжінен 1 студент (Астана қ.).
Қазылар алқасының құрамы консерватория ректорының 2025 жылғы «03» наурыздағы №46-П бұйрығымен бекітілді.
Қазылар алқасының төрағасы:
Шапилов В.А. – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану кандидаты
Қазылар алқасының мүшелері:
Нүсіпова А.С. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-инновациялық қызмет, шығармашылық даму және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор, өнертану кандидаты
Қойлыбаева М.Т. – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD
Өтеғалиева С.Ы. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану докторы
Қалымова Ғ.Д. – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану ғылымдарының магистрі
Хатшы:
Кременцова Я.С. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі
Кіші Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі қатысушылар марапаттарға тағайындалды:
І орын:
Каздаева Аяжан - К.Байсейітова атындағы РОМММИ 12 сынып оқушысы (Алматы қ.). Оқытушылары – Зобкова А.А., Кундакбаева Г.Б.
ІІ орын:
Кажыкенова Данара - К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ колледжінің 3 курс студенті (Астана қ.). Оқытушылары – Сагитова А.Г., Бодарева Г.В.
Тохтахунова Амина - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4 курс студенті (Алматы қ.). Оқытушылары – Кузнецова Л.Н., Филюк В.В.
ІІІ орын:
Суханова Анастасия - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4 курс студенті (Алматы қ.). Оқытушылары – Кузнецова Л.Н., Филюк В.В.
Қарсембай Мәриям - Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі 3 курс студенті. Оқытушысы – Кожахметова Ж. А.
Сулейменова Әсел- Шымкент қаласы білім басқармасының саз колледжінің 4 курс студенті (Шымкент қ.). Оқытушысы – Дмитриева О.В.
Шумская Валентина - Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің 3 курс студенті (Өскемен қ.). Оқытушысы – Юлтыева О.Ю.
Кіші Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі үміткерлер Құрманғазы атындағы ҚҰК арнайы Дипломымен марапатталды:
Алькенова Марьям - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 3 курс студенті (Алматы қ.). Оқытушысы – Попилова М.В.
Беркімбай Әсел - Шымкент қаласы білім басқармасының саз колледжінің 4 курс студенті (Шымкент қ.). Оқытушысы – Гапурова Г.Р.
Тулеуова Алида - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 3 курс студенті (Алматы қ.). Оқытушысы – Попилова М.В.
Муратова Еркежан - Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің 3 курс студенті (Өскемен қ.). Оқытушылары – Есембаева З.Т., Юлтыева О.Ю.
Қарсембай Мәриям - Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі 3 курс студенті (Қарағанды қ.). Оқытушысы – Кожахметова Ж. А.
Суханова Анастасия - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4 курс студенті (Алматы қ.). Оқытушылары – Кузнецова Л.Н., Филюк В.В.