Menu HELPDESK

Нархоз университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай оқу орындары арасындағы Unity Cup жоғары зияткерлік ойыны өткізілді

28 сәуір күні Нархоз университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай оқу орындары арасындағы Unity Cup жоғары зияткерлік ойыны өткізілді. Аталған шараға елдің жетекші жоғары оқу орындарының студенттік ассамблеялары қатысты.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрама командасы тамаша нәтиже көрсетіп, 2-орынды иеленді! Ойын достық, өзара құрмет және салауатты бәсекелестік рухында өткенін ерекше атауға болады.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова студенттерді жеңісімен құттықтап, бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік құндылықтарына негізделген осындай бастамалардың жастарды біріктірудегі маңызын атап өтті.

Командамызды жеңісімен құттықтаймыз! Білім алуда да, спортта да биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз! 

2025-05-02_11-58-59.png
Альбомдарға оралу