Өнертану ғылымдарының докторы, академик, профессор, композитор Игорь Мациевскиймен (Ресей) шығармашылық кездесу өтті
26 мамыр 2025
2025 жылғы 26 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында өнертану ғылымдарының докторы, академик, профессор, композитор Игорь Мациевскиймен (Ресей) шығармашылық кездесу өтті. Іс-шара ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова қонақты құрметпен қарсы алып, келгені үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында Игорь Мациевский Қазақстанға сапары туралы айтып, консерватория кітапханасына өзінің авторлық кітаптары мен жинақтарын сыйға тартты, сондай-ақ өзінің ғылыми әдістері мен шығармашылық жолы жайлы әңгімеледі.
Кездесуге консерватория профессорлары қатысты. Олар маэстроға қазақ халқының музыка ғылымына деген ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, гуманитарлық саладағы халықаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Жылы әрі бейресми атмосферада өткен басқосуда келешекте іске асырылатын бірлескен жобалар мен академиялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025