Menu HELPDESK

Оқытушылардың Милан қаласындағы (Италия) Джузеппе Верди консерваториясына сапары


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Айжан Бекенова, Камила Есдәулетова, Әйгерім Оспанова және Баян Игілік Милан қаласындағы (Италия) Джузеппе Верди атындағы консерваторияға барды.

 

Біздің әріптестер Милан консерваториясының басшылығы – директор Массимилиано Баджио және жақында біздің консерваторияға қонаққа келді профессор Деметрио Колачимен кездесті. Кездесуде ынтымақтастық және академиялық алмасу мәселелері талқыланды. Қазақ консерваториясының оқытушылары Милан консерваториясында толық экскурсиядан өтті, экскурсия аясында олар кітапхана мен концерт залына барды.



















Альбомдарға оралу