Menu HELPDESK

Отбасы Банктің қаржы кеңесшісі Индира Сұлтанқызы, консерваторияның жатақханасына арнайы келіп, студенттермен кездесу өткізді

2024 жылдың 25 сәуірінде еліміздегі екінші деңгейлі банк Отбасы Банктің қаржы кеңесшісі Индира Сұлтанқызы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасына арнайы келіп, студенттермен кездесу өткізді. Келелі кездесу барысында қазіргі таңда Отбасы банк арқылы үй алудың бірнеше жолдары бар екендігін жете түсіндіріп айтып өтті. 

Атап айтсақ, «үйлі болсам...» деген Қазақстанның әрбір азаматы Отбасы банк арқылы бірқатар бағдарламалар арқылы өз баспанасына қол жеткізе алатындықтары жайында әңгіме өрбітті. Индира Сұлтанқызы өз сөзінде: «Аталмыш тақырыптың бүгінгі күнде ең бір өзекті мәселе екендігі ақиқат. Бақытының бастауына айналар баспанасының кілтіне қол жеткізер күнді аңсайтын әрбір жан үшін жұмыс жасап отырған аталмыш банк өз тарапынан әрбір мүмкіндікті қарастырып, бұл орайда бірнеше бағдарламаларды жүзеге асыруда. Банк салымшыларының қатарындағы жастар үшін тиімді болып табылатын «Алматы жастары», «Алатау жастары», «Жас отбасы», «Әскери баспана», «Бақытты отбасы» секілді бағдарламалары арқылы көптеген жандар үйлі болуда» деп атай келе, кездесуге қатысушыларды болашақта банк салымшысы болып, есеп-шот ашып, өз баспанасының иесі атануға шақырды.


Альбомдарға оралу