Парасаттылық – жастар көзімен
Үстіміздегі жылдың 18-қарашасында ZOOM платформасы арқылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.а. М.Ешмұханов, «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А.Токушев, консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің басшысы, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі И.В. Олексенконың қатысуымен 1 курс студенттеріне арналған онлайн кураторлық сағаты өтті. Аталған жиынға консерваторияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері, барлық курстардың кураторлары, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының белсенділері де қатысты.
Кураторлық сағатта жатақхана және екінші аралық бақылау мен емтихандардың өтуіне қатысты көптеген мәселелер қозғалды. Студенттерді мазалап жүрген сұрақтарға консерваториямыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. М.А.Ешмұханов пен «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі И.В. Олексенко жауап берді.
Сондай-ақ «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Токушев өз сөзінде оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарына енгізілетін іс-шаралары туралы айтып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!», «Адал бол», «Абыройлы ұстаз», «Плагиатқа жол жоқ», «Таза сессия», «Парасаттылық – жастар көзімен» акцияларын өткізу, студенттер арасында сауалнама жүргізу сияқты шараларды ұйымдастыруды ұсынды.