Menu HELPDESK

«Перзенттері халқымның» атты кітап көрмесі


          Құрметті оқырмандар!

 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «ПЕРЗЕНТТЕРІ ХАЛҚЫМНЫҢ» атты көрме дайындады.      

Көрмеге соғысқа қатысқан ұстаздар туралы мәліметтер, консерватория мұрағатындағы құжаттар, қолжазбалар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына арналған музыкалық шығармалар қойылған.

Көрме жер бетінде өмір сүру үшін, бейбіт жасампаздық пен ерең еңбек жолында қан майданда ерлік көрсеткендерді, қаза тапқан қыршын боздақтарды еске алу және құрмет көрсету мақсатында дайындалды. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!      

Көрмеге қойылған құжаттармен «Б» корпусы, 3 қабат кітапхана фойесінде танысуға болады.

                    


Альбомдарға оралу