Петер Мартинчек және Марьян Заварскидің шеберлік сағаттары

2025 жылдың 9 және 10 сәуір күндері конференц-залда Erasmus+ бағдарламасы аясында серіктес-жоғары оқу орны - Братиславадағы Орындаушылық өнер академиясының шетелдік ғалымдардың шеберлік сағаттары өтеді.
9 сәуір күні Братиславадағы Орындаушылық өнер академиясының музыка теориясы кафедрасының доценті, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, философия докторы Петер Мартинчек «Тематикалық каталогтар зерттеу құралдары ретінде: олардың музыкатану ғылымына әсерін зерттеу» тақырыбында дәріс береді. Петер Мартинчек — Братислав консерваториясын контрабас және дирижерлік класс бойынша бітірген, Братиславадағы Коменский университетінің Өнер факультетінде музыкатану мамандығын алған (2006–2011), 2016 жылы
Маттеус Апеллес фон Лёвенштерн (1594–1648) және оның Левочи және Бардеёв музыкалық жинақтарындағы шығармалары туралы диссертациясын қорғап, доктор дәрежесін алған.
10 сәуір күні Братиславадағы Орындаушылық өнер академиясының композиция кафедрасының доценті, өнер докторы Марьян Заварский «Тыныштықтан өнерге – электроакустика, дыбыстық дизайн және мультимедиа тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізеді. Братиславадағы Консерватория мен Орындаушылық өнер академиясында композиция бойынша оқыған Марьян Заварский Вена музыка және өнер университетінде қосымша білім алып, бүкіл Еуропа елдерінде композиция және басқа да музыкалық курстарды тамамдаған.
Консерваторияның барлық білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және профессорлық-оқытушылар құрамын шақырамыз. Басқа ұйымдардан шеберлік сағатына қатысуға ниет білдіргендер 338-44-83 нөмірі бойынша хабарласып, немесе intdepkons@gmail.com электронды поштасына хат жібере алады.