Президент жолдауы – ел дамуына серпін беретін маңызды құжат
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауын арнады. Еліміздің даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжатты консерватория басшылығы арнайы тыңдады.
Жаңа құжатта Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуына, мемлекеттік басқару ісін жаңғыртуға, өнеркәсіпті күшейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауылшаруашылығы саласына аса көңіл бөлуге, білім және ғылым, заң мен тәртіп, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес және әлеуметтік мәселелер секілді елдегі барлық саланың жұмыстарына қатысты жаңа міндеттерді бекітіп берді.
Президент жаңа жолдауында тағы бір маңызды шешімін жария етті. Ол биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді және Президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық етіп, бір мерзіммен шектеуді, сондай-ақ, келесі жылдың ортасына дейін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын қайта сайлап, Үкімет құрамын қайта жасақтауды ұсынды.
Мемлекет басшысы қолға алған игі бастамаларды жүзеге асыру үшін әртүрлі деңгейдегі әр сала мамандары өзіне жүктелген міндеттерді адалдықпен, үлкен жауапкершілікпен орындауы тиіс. Жарқын болашақ үшін аянбай еңбек етейік. Еліміз қарыштап дами берсін!