Президент жолдауын саралаған жиын өтті
12 қыркүйек 2022
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
«AMANAT» партиясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиынға білім ордасының басшылығы мен профессор-оқытушылық құрамы жиналып, тараптар өзара пікір алмасты. Жиын қонақтары: «AMANAT» партиясы бақылау комиссиясының төрағасы, «KazComfort» ЖШС директоры Махамбет Асабаев пен ҚР аудиторлар палатасының төрағасы, Аманат партиясы Алматы қалалық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Сапар Көшкінбаев болды.
Партия өкілдері басқосуда Президент жолдауындағы маңызды шешімдер мен міндеттерді баса назарға алып, көпшілікті Мемлекет басшысының ел болашағы үшін жасалуы тиіс саяси-экономикалық өзгерістер жөніндегі ұсыныстарына қолдау білдіруге шақырды.
Қабылдау 2024