Menu HELPDESK

Профессор Рафаэль Йебраның (Испания) шеберлік сағаттары


2025 жылдың 15–18 сәуірі аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында шетелдік маман, Виго жоғары музыка консерваториясының профессоры, саксофоншы Рафаэль Йебраның (Испания) шеберлік сағаттары өтті.

 

Рафаэль Йебра – заманауи музыканы орындауға маманданған испаниялық академиялық саксофоншы. Кәсіби білім алуды Испанияның Корунья қаласындағы Жоғары музыка консерваториясында (Испания) бастаған, кейін оқуын Францияда Жан Мари Лондекстің жетекшілігінде жалғастырған. Қазіргі таңда Р. Йебра Виго Жоғары музыка консерваториясында профессор қызметін атқарады.

2025 жылдың 15, 17 және 18 сәуір күндері Р. Йебра Алматы қаласына жеке сапармен келіп, («Аспаптық орындаушылық» БББ) саксофон сыныбының студенттеріне шеберлік сағаттарын өткізді. Ол бұған дейін, яғни 2023 жылдың 13–15 наурыз аралығында Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Консерваторияға келген болатын. Бұл жолы, профессор шеберлік сағатында классикалық және заманауи репертуар шығармаларын интерпретациялауға, сондай-ақ жеке музыкалық бірегейліктің маңыздылығына ерекше ден қойды. Шеберлік сағатына қатысушылар шетелдік маманның орындаушылық техникасын, саксофондағы әсерлі ойындары мен шабыт атмосферасын қалыптастыру қабілетін жоғары бағалады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Рафаэль Йебраға және Виго жоғары музыка консерваториясына ұзақ мерзімді әрі жемісті серіктестік үшін алғыс білдіреді.

 

 

Альбомдарға оралу