Menu HELPDESK

Проректор студенттермен кездесті



10 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының студенттермен 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы жиналысы өтті. 

Кездесу барысында білім алушыларға тәрбие және әлеуметтік бағыттар бойынша барлық ақпарат берілді. Студенттер тарапынан консерватория әкімшілігіне түрлі сұрақтар қойылды. Сауалдардың көпшілігі әлеуметтік мәселелер және оқу үдерісіне байланысты болды. Кездесу барысында өткен 2021-2022 оқу жылында консерваторияның оқу және мәдени-спорттық іс-шараларында белсенділік танытқан студенттерге ректордың Алғыс хаты табысталды. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы қойылған өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, студенттерге ағымдағы оқу жылында оқу-тәрбие үдерісінде сәттілік тіледі.











Альбомдарға оралу