Проректор студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен қорытынды кездесу өткізді
19 мамыр 2022
19 мамыр күні консерваториямыздың конференц-залында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен (клубтарымен) 2021-2022 оқу жылының «Жаңа Қазақстан: жастар және өнер» атты қорытынды кездесуі өтті.
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысқан кездесуді Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында Мұхамбет Ашхатұлы әр студенттік ұйым жетекшілерінің биылғы оқу жылындағы атқарған жұмыстарына қорытынды жасап, келесі 2022-2023 оқу жылына жоспар пысықталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының елімізді саяси модернизациялау туралы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бағыттары туралы талқыға салынып, алдағы 5 маусымда өтетін Референдумға байланысты жастарға дұрыс бағыт көрсету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Сондай-ақ, белсенді студенттердің тарапынан рефендумға қатысты сұрақтар қойылып, Мұхамбет Ашхатұлы саяси науқанның маңызы туралы жауап берді.
Қабылдау 2024