Menu HELPDESK

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілімен кездесу

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаевпен кездесу өтті.

Кездесуге консерваторияның профессорлық-оқытушылық құрамы, әкімшілік-басқару қызметкерлері қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық қағидалары және білім беру мекемелерінде этиканы нығайту шаралары сияқты маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Әңгіме өте тартымды болды — қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, жоғары оқу орнында академиялық  адалдықты арттыру және антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру жолдарын талқылады. Қызықты әрі пайдалы әңгіме үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

Альбомдарға оралу