«Референдум: демократия және азаматтық таңдау негізі» тақырыбында ашық сабақ өтті
19 қыркүйек 2024
2024 жылғы 19 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Референдум: демократия және азаматтық таңдау негізі» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
ӘГП кафедрасы мен студенттер және түлектермен жұмыс жүргізу бөлімі бірлесіп ұйымдастырған іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Матжанова К.К. жүргізді.
Кездесу барысында атом энергетикасы мен оның Қазақстан үшін маңыздылығы жайында әңгіме өрбіді. Экологиялық және экономикалық қиындықтар туралы сөз қозғалып, аталмыш саланың елімізде даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, рефередум азаматтарға өз елінің болашағына әсер ететін маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін шешуші рөл демократиялық процестің маңызды бөлігі екені туралы айтылды.
Матжанова К.К. Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы халықаралық аренадағы рөліне тоқталып, оның дамуына кедергі туындататын қиындықтар туралы пікірімен бөлісті. Студенттер мен оқытушылар баламалы энергия көздерінің перспективалары мен атом энергетикасын пайдаланып отырған елдердің халықаралық тәжірибелері жайлы қызықтыратын сұрақтарын қойып, лекция барысында белсенділік танытты.
Кездесу соңында энергетика саласына қатысты нақты шешім қабылдауға референдумның роліне баса мән берілді. Ал бұл - білім алушыларға азаматтардың ел
саясатын қалыптастырудағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Қабылдау 2024