Референдум: қоғамдық келісімге бастар жол
2024 жылдың 26 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Референдум: қоғамдық келісімге бастар жол» тақырыбында Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты кездесу өтті.
Бұл іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды, модераторы кафедра меңгерушісі Калдаева Б.С. болды.
Кездесу барысында мемлекеттік басқару, энергетикалық қауіпсіздік және АЭС құрылысының экологиялық салдары сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Атом энергетикасын дамыту мен оның ғаламдық сын-қатерлерге жауап беруі, сондай-ақ референдумның ел азаматтарын шешім қабылдауға қатыстырудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Спикерлер ретінде кафедраның аға оқытушысы Матжанова Қ.К., профессор Сатыбалдина Т.М., доцент Айдос Т.М. және аға оқытушы Жапаров Е.Ж. баяндама жасады. Олар энергетикалық қауіпсіздік пен ғаламдық сын-қатерлер жағдайында атом энергетикасын дамытудың қажеттілігінен бастап, экологиялық тәуекелдер мен жобаның экономикалық аспектілеріне дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтыды.
Консерватория профессорлары, соның ішінде Халық әні кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанпеисова С. С. мен ӘГП кафедрасының профессоры Каирбекова А. Г. өз пікірлерін білдіріп, бұл тақырыптың қоғамдық маңыздылығын атап көрсетті.
Бұл кездесу көпқырлы кәсіби және пәнаралық көзқарастарды қамтыған маңызды шара болды. Ол АЭС салу мәселесін экономика, экология және құқықтық реттеу тұрғысынан жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Консерватория қабырғасында мұндай дәрістерді өткізу ғылыми қауымдастықтың ұлттық маңызы бар мәселелерге қатысуының және қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлінің зор екенін көрсетеді.