Ректор студенттермен кездесті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы студенттермен кездесті. Консерваторияның үлкен концерттік залында өткен жиынды Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы бастаған Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырды.
Консерватория қабырғасында:
- ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ;
- «BORN TO WIN» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ;
- «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ӘУЕНІ» ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ;
- «ДЕБЮТ» СТУДЕНТТІК ТЕАТРАЛДЫ КЛУБЫ;
- «GFORCE» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ;
- ЖАТАҚХАНАНЫҢ СТУДЕНТТІК КЕҢЕСІ.
сынды студенттік клубтар жұмыс жасайды. Студенттердің қоғамдық-шығармашылық, сондай-ақ жеке өмірінде туындайтын әртүрлі мәселелері мен сұрақтарына жауап беріп, оларды қанағаттандыру үшін мұндай құрылымдардың атқаратын рөлі ерекше екені мәлім. Сондықтан өнер-білім ордасының басшылығы бүгінгі жиында білім алушыларды мазалап жүрген сауалдарына жауап беріп, студенттік ұйымдардың жұмыстарында белсенділік танытып жүрген бірқатар студенттерге арнайы Алғыс хаттар табыстады.
Арман Әділханұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып, білім алушылардың мәселелерін үнемі назарында ұстап отыратынын жеткізді.