Menu HELPDESK

Өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде кездесу өтті


2024 жылдың 4 наурызында консерватория жатақханасында «Өрт қауіпсіздігі ережелері» атты кездесу өтті. Кездесуге Өрт қауіпсіздігі және терроризмнен қорғау жөніндегі инженер Әшімов Талғат Абдултәліпұлы мен Еңбек қауіпсіздігі және Техникалық қауіпсіздік инженері Айман Әлкенова қатысты.

Кездесу барысында студенттерді қызықтыратын бірталай сұрақтар қойылды. Сауалдарға спикерлер тұщымды жауап беріп, арнайы дайындаған бейнежазбаларымен таныстырды. Аталмыш бейнежазбалар студенттерге үлкен әсер қалдырды, себебі, онда көпқабатты үйлердегі өрт кезіндегі адамдардың терезеден секірген сәттері мен өрт сөндіру кезінде кездесетін қиындықтар көрсетілді. «Ойыннан өрт шығады», «Өрт – тілсіз жау» деп тегін айтылмаса керек. Деректерге сүйенсек, өрттің жиі болатын орны көпқабатты ғимараттар мен тұрғын үйлер. Көп жағдайда өрт оқиғалары адамдардың өзіндік қателіктерінен туындайды. Отты қолдану және электр құралдарын пайдаланудағы немқұрайлық және абайсыздық – өрттің шығуының негізгі себептері. Сондықтан да, барлығымыз өрт қауіпсіздік шараларын білуге және сақтауға міндеттіміз» деп атап өтті іс-шара қонақтары.



 

Альбомдарға оралу