Рышард Жолинджевскийдің шеберлік сағаттары
4 сәуір 2025
2025 жылдың 7-10 сәуір аралығында Erasmus+ бағдарламасы және Польшадағы Кароль Липинский атындағы Музыка академиясымен ынтымақтастық меморандумы аясында шетелдік ғалым Рышард Жолинджевскийдің лекциялары мен шеберлік сағаттары өтеді.
Рышард Жолинджевский — саксофонист, педагог, аранжировщик, композитор және Еуропа мен Азияда өткен музыкалық байқауларда қазылар алқасының мүшесі болған. Ол Вроцлав қаласында орналасқан Кароль Липинский атындағы Музыка академиясында үрмелі, перкуссия және аккордеон кафедрасының меңгерушісі, профессор, хабилитирленген доктор болып қызмет атқарады. Профессор Р. Жолинджевский Швейцарияның Берн жоғары өнер мектебі - Берн музыка және театр консерваториясында білім алған. Еуропа елдерінде, Израильде, Канаданың, Қазақстанның, Ресейдің және АҚШ-тың түрлі қалаларында халықаралық музыкалық фестивальдер аясында өткен 300-ден астам концертте өнер көрсеткен.
Бүгінде Р. Жолинджевский Вроцлавтағы Кароль Липинский атындағы Музыка академиясында саксофон класы бойынша дәріс береді. Сонымен қатар ол Польшадағы музыка қайраткерлері қауымдастығының (Вроцлав бөлімшесі) төрағасы және Еуропалық саксофонистер форумының көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарады.
Консерваторияның барлық білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және профессорлық-оқытушылар құрамын шақырамыз. Басқа ұйымдардан шеберлік сағатына қатысуға ниет білдіргендер 338-44-83 нөмірі бойынша хабарласып, немесе intdepkons@gmail.com электронды поштасына хат жібере алады.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024