Menu HELPDESK

«Сәкен» операсы көрерменге жол тартты

2024 жылдың 26 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында драматург Қанат Жүнісовтің либреттосына жазылған композитор Әліби Абдинуровтың жаңа туындысы «Сәкен» операсы көрерменге жол тартты. Тың туынды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойы аясында Сәкен Сейфулиннің туылғанына 130 жыл толуына орай сахналанды.

 

Композитор Ә.Абдинуров пен ақын-драматург Қ.Жүнісовтің қаламынан шыққан, Мемлекет және қоғам қайраткері, дауылпаз ақын, жазушы-драматург, публицист, сазгер, ұлы суреткер Сәкен Сейфуллиннің қайраткерлік жолы мен қилы тағдырын баяндайтын «Сәкен» операсы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздігіміз үшін күрескер арыстар рухына тағзым жасау және ұлы тұлғаларымызды опера жанры арқылы әлемге таныту мақсатында жазылған. Туынды елдікті, ерлікті, азаматтық пен ұлтжандылықты дәріптейді. Екі актілі шығармада ХХ ғасыр басындағы ауыр кезеңдер, тарихи сәттер көрініс береді.














Альбомдарға оралу