Menu HELPDESK

«Сақтық – қауіпке бөгет» атты кураторлық сағат өтті




2023 жылдың 25 қаңтарында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Сақтық – қауіпке бөгет» атты кураторлық сағат өтті. Жиында «Студенттердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Кураторлық сағатты Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы жүргізді. Консерваторияның еңбекті қорғау жөніндегі инженері Айман Баукенқызы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті. Маманның айтуынша, Қауіпсіздік дегеніміз – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысаны – жеке адам. Әдетте біз қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын сақтауды салғырттық пен селқостықтан естен шығарып аламыз. Соның салдарынан жазатайым жағдайлар, оқыс оқиғалар орын алып жатады. Сондықтан қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын әрдайым назарда ұстағанымыз жөн. Әуелі өзіңіз үшін, содан кейін айналаңыздағылар үшін қауіпсіздік шаралары міндетті түрде жасалуы тиіс. Орны толмас өкініште қалмас үшін мұқият болайық, мойнымызда үлкен жауапкершілік барын ұмытпайық!








Альбомдарға оралу