Санжар Байтерековтың Гонконгтағы шеберлік сабақтары

2025 жылғы 24–28 наурыз күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану және композиция кафедрасының оқытушысы, композитор Санжар Байтереков Гонконг Баптист университетінің Музыка академиясы (HKBU Academy of Music) басшылығының шақыруымен шеберлік сабақтары мен дәріс өткізді.
Санжар Байтереков – қазіргі заманғы музыкаға арналған «Игеру» ансамблінің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, халықаралық композиторлық академиялар мен фестивальдердің белсенді қатысушысы. Оның шеберлік сабақтарына бакалавриат түлектері мен PhD докторанттары қатысты. Бұл іс-шара білім мен мәдениет салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық музыканы шетелде кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам болды. Алдағы уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Гонконг Баптист университетінің Музыка академиясы студенттер алмасу бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.