Menu HELPDESK

Saryn ҒЖБССҚЕК ұсынатын басылымдардың 2 тізіміне енді

2024 жылдың 14 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына түзетулер енгізетін ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 295 бұйрығы шықты. Осыған байланысты Халықаралық рецензияланатын Saryn журналы басылымдардың екінші тізіміне енді. Бұл тізім ғылыми атақ беруге үміткер докторанттар мен оқытушылар үшін жаңа жағдайлар жасайды.

Saryn Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2013 жылдан бастап шығарады. ҚР ҒЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 25.01.2024 жылғы № 101 бұйрығымен Saryn журналы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар Тізбесіне енгізілді. Сонымен қатар, Saryn журналы Тізбеге кіретін және «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша мақалалар жарияланатын үш ғылыми журналдың бірі болып табылады.

Saryn шетелдік және отандық авторлардың авторлық зерттеулерін қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жариялайды. Әрбір мақала жарияланатын материалдардың жоғары сапасын қамтамасыз ететін мұқият шолудан және басып шығарар алдын дайындықтан өтеді. Журналдың қызметіне Әзірбайжан, Ұлыбритания, Венгрия, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия және басқа да елдерден өнердің түрлі бағыттары бойынша үздік сарапшылар тартылды, бұл журналға ғылыми басылымдарға қойылатын заманауи талаптар мен шарттар трендінде болуға мүмкіндік береді.

 

Ғылыми жұртшылық пен журнал редакциясын айтулы оқиғамен құттықтаймыз!

 

Журнал сайты және жарияланымдарға қойылатын талаптар: https://sarynjournal.kz/


















Альбомдарға оралу