Science Café алғаш рет Консерваторияда өтті
2024 жылдың 8 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясында Ғылым апталығы аясында алғаш рет, «Креативтік экономика. Заманауи нарықта өнер өнімдерін жылжыту» тақырыбында Science Café өтті. Іс-шара еліміздің мәдени-экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін креативті индустриялардың мүмкіндіктерін көрсетті.
Іс-шара жаңа ашылулар мен зерттеулерге маңызды қадам ретінде Консерватория өкілдерін ғана емес, сонымен қатар К. Сагадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) және SDU University қатысушыларын да біріктірді.
Арт-менеджмент, маркетинг және компьютерлік технологиялар салаларының түрлі бағыттағы студенттер мен оқытушылар баяндамалар жасап, заманауи бизнес-процестердегі дәстүрлі өнердің рөлін, экомәдениетті, «жұмсақ күш» мүмкіндіктері мен арт-жобаларды талқылады. Спикерлер өнер мен мәдениетті бизнес жүйелеріне біріктіру туралы көзқарастарымен бөлісіп, тәсілдер мен әдістемелерді ұсынды.