Menu HELPDESK

«Шәкен әлемі» атты мюзикл қойылымы болып өтті

2024 жылдың 24 сәуірінде Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында Шәкен Аймановтың 110 жылдығы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Шәкен әлемі» атты мюзикл қойылымы болып өтті.

Мюзиклдің сахналануына «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»  кафедрасының басшысы Қайырбекова Алима Ғафуқызы,  «Дебют» студенттік театрының көркемдік жетекшісі Тоқтағұл Айдос, «Дебют» театрының кеңесшісі Шолпан Алтайбаева, қоюшы режиссері және пластика қоюшы режиссері Қаршыға Дандағараев зор үлес қосып, еселі еңбектерін сіңірді.

Ұлттық кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ш.Аймановтың есімі қазақ киносымен қатар айтылатын егіз ұғым. Оның режиссерлігімен түсірілген туындылар ұлттық кино тарыхының бастау бұлағында тұр. «Алдар көсе», «Атамекен», «Тақиялы пе­ріште, «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды фильмдері талай ұрпақты тәрбиеледі. Экранға шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін жоғалтпаған классикалық туындылар бүгінгі таңда да қазақ киносының алтын қайнары екендігі ақиқат. Бүгінгі қойылған «Шәкен әлемі» атты мюзикл арқылы студенттер тума талант иесі, қазақ кино өнерінің шоқ жұлдызы Ш.Аймановтың есімі халық жүрегінде екендігінің тағы бір дәлелдей түскендей. 








Альбомдарға оралу