Menu HELPDESK

Шетелдік ғалым Евгений Слесарьдың дәрістері

Ғылым апталығы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Өнертанудағы ғылыми зерттеу траекториясы» тақырыбындағы ашық дәрістерімен өнертану кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының доценті Евгений Слесарь сөз сөйледі.

Негізгі бағыттардың ішінде спикер Герман-Гвоздев және формальды мектепті белгілеп, ғылыми зерттеулер саласындағы мифологиялық, семиотикалық және структуралистік тәсілдері туралы айтты. Шақырылған шетелдік ғалым Е. А. Слесарь магистранттар мен докторанттардың алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-тегеуріндерді атап өтіп, зерттеу пәні мен объектісін тұжырымдау әдістеріне, сондай-ақ қорғауға шығарылатын ережелерге ерекше назар аударды.

Екінші күні өткен, ғылыми семинарда, спикер өзінің жарқын мысалдарымен және жоғары шығармашылық білім берудегі заманауи ғылыми процестерді сараптамалық бағалаумен, аудиториямен бірге өнер және оның болашағы туралы пікірталасқа түсіп, өз іс-шараларын аяқтады.










Альбомдарға оралу