Menu HELPDESK

Студентіміз «Jas Gala - 2023» байқауында лауреат атанды.



Жақында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласының жастары арасында «Jas Gala - 2023» байқауы өткен еді.

Аталмыш додада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бақ сынаған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Макар Ғани Аликұлы «Вокал» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі лауреат атанып, арнайы Дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Өнерпазды осынау жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.





Альбомдарға оралу