Menu HELPDESK

Студенттеріміз еріктілер қатарында

Биыл Президентіміздің қаулысы бойынша «Еріктілер жылы» болып жарияланғаны мәлім. Жыл басынан бері елімізде бұл бағытта көптеген шаралар атқарылып, қайырымдылық жұмыстары жасалып келеді. Сондай шаралардың біріне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ішекті аспаптар» мамандығында білім алып жатқан 2-курс студенттері Дінасыл Нұрболат пен Ерасыл Нұрболат анасы Меруеш Башайқызымен бірге ерікті ретінде атсалысып, төтенше жағдайға байланысты Қарағанды облысына шет елден қоныс аударған қандастарға көмек қолын созды. Осылайша олар ел басына төнген ауыр күндерде халыққа пайдасын тигізіп, аз да болса өз үлестерін қосты. Еріктілер, Ерасыл мен Дінасыл Нұр Отан партиясының төрағасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қандастарымызға бір жарым ай көлемінде демеушілердің көмегін жеткізген. Осындай сын сағатта мұқтаж жандарға қол ұшын созған білім алушылар елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Консерваториямыздың беделін арттырып, халықтың нағыз жанашырлары ретінде еріктілер жылында ерлігімен танылған Ерасыл мен Дінасылға шығармашылық табыс пен білім жолында жетістікке жете берулеріне тілектеспіз!








Альбомдарға оралу