Menu HELPDESK

«Студенттік клубыңды тап» атты тақырыпта кураторлық сағат өтті


2024 жылғы 2 қазан күні «Студенттік клубыңды тап» атты тақырыпта кураторлық сағат өтті.

Іс-шара студенттерге консерваториядағы түрлі студенттік ұйымдардың қызметімен танысуға мүмкіндік берді. Шара барысында Консерваторияның Жастар ісі жөніндегі комитеті, жатақханалардағы студенттік кеңес, «Шамшырақ» әдеби-интеллектуалдық клубы, «Мейірім» волонтерлік клубы, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы, «Дебют» театр клубы, «Эмоционалдық қауіпсіздік» психологиялық клубы, Студенттік медиа-қоғамдастық және басқа да клубтар өз жобалары мен бағыттарын таныстырды.

Әрбір студенттік ұйым өз бағдарламалары мен бастамаларын жеткізіп,  қызметі туралы ақпарат беріп, студенттерге таңдаған клубқа қосылу үшін саналы таңдау жасауға көмектесті. Кураторлық сағат консерваторияның әлеуметтік-мәдени және шығармашылық жұмысына белсенді араласуға ынталандыратын студенттік өмірдің маңызды кезеңі болып табылатыны сөзсіз.

   


Альбомдарға оралу