Суицид тақырыбына арналған кураторлық сағат өтті
9 ақпан 2023
2023 жылдың 8 ақпанында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Суицид ауру ма, әлде таңдау ма?» атты кураторлық сағат өтті. Бұл жолы қонақтарымыз психолог Шабденова Дария Рахымәліқызы мен психолог-тренер Алтайбаева Жанна Жанатқызы бірлесе отырып, суицидтің негізгі себептеріне үңілді. Өзіне қол жұмсайтындар неге көп, жасөспірімдер неліктен суицидке барады, отбасыдағы тәрбие арқылы суицид проблемасын шешуге бола ма деген сұрақтарға да жауап іздеді.
«Әдетте, адамдар өз-өзіне қол жұмсамас бұрын, басқаларға өздерінің ниеттері туралы, көбінесе жақын ортаға немесе әлеуметтік желілерге хабарлайды. Хабарламалар ауызша (тікелей немесе жанама), жазбаша, сурет, «аза тұту» музыкасы немесе әндер болуы мүмкін. Өз-өзіне қол жұмсау ниеті мінез-құлық пен іс-әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Мысалы, қару-жарақ, кескіш заттарды сатып алу; дәрі-дәрмектер, улар, басқа да суицид құралдарын іздеу; интернетте суицид тәсілдерін іздеу; берешектерімен есептесу; жұмыстарын ретке келтіру; құнды заттарынан құтылу, тұрмыстық және жұмыс сәттерінен оқшаулану - бұл белгілер көбінесе басқалардың назарынан тыс қалады, бірақ өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы алаңдаушылық тудыратын сәттерді анықтаған кезде, туыстары көбінесе жеке тәжірибедегі психологтардың көмегіне жүгінеді» - дейді Дария Рахымәліқызы.
Психологтардың тарапынан қандай көмектер ұсынылады, деген сұраққа маман өзін-өзі тануға көмектесу арқылы өлімге өзін итермелеуге барғалы тұрған адамды қауіптен құтқаруға көмектесеміз. Екінші жағынан арнайы терапиядан өту арқылы көмектесуге болады деді.
«Адамзат өз жан-дүниесін, жаратылысын, қалауын тану арқылы қоршаған ортаны, бір-бірін түсінеді. Ол үшін арнайы білім қажет. Бұл бағытта тәжірибе мен білім әлдеқашан қалыптасқан. Соны игеру арқылы біз өзімізді көп келеңсіздіктерден сақтандыра аламыз. Ең бастысы өзіңді тану арқылы өзгені де түсінуге болады және талай бәлекеттің алдын алуға болады» - деп, қонақтарымыз сөздерін түйіндеді.

Қабылдау 2024