Menu HELPDESK

«Суицид және Буллинг» атты кураторлық сағат өтті



2023 жылдың 1 қарашасында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Суицид және Буллинг» атты кураторлық сағат өтті. 

Бұл жолы қонақтарымыз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Теориялық және практикалық психология» кафедрасының жетекші маманы, PhD докторы Топанова Гүлмира Тұяққызы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің психолог-практик маманы, педагогика ғылымдарының магистрі Қосбай Саида Досқарақызы бірлесе отырып, суицидтің пен буллингтің негізгі себептеріне үңілді. Өзіне қол жұмсайтындар неге көп? Жасөспірімдер неліктен суицидке барады? «Буллинг» туралы білесің бе? Отбасыдағы тәрбие арқылы суицид проблемасын шешуге бола ма? Спикерлер студенттермен сұхбат жасай отырып, осы сұрақтарға жауап іздеді.





Альбомдарға оралу