Menu HELPDESK

Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2024 жылдың 12 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тарихтағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция аралас форматта өтті.

Конференция аясында талқылауға келесі бағыттар ұсынылды:

·         С. Мұхамеджановтың шығармашылығы және оның бүгінгі мұрасы.

·         Мәдениет идеологиясы мен парадигмасы контекстіндегі тұлға.

·         Дәстүрлер мен жаңашылдық: жанрлар мен дәстүрлерді өзгертудегі музыканттың рөлі.

·         Қазіргі ұлттық мәдениеттердегі композиторлық және орындаушылық дәстүрлер.

Қатысушылардың жалпы саны 38 адамды құрады (онлайн қатысқандар мен бірлескен авторларды қосқанда), конференция жинағында жариялау үшін 36 мақала қабылданды.

Конференцияға құрметті қонақтар мен баяндамашылар ретінде жетекші ғалымдар, магистранттар, докторанттар, шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыстың қонақтары мен қатысушылары:

Кетегенова Нургиян - профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, Алматы, Қазақстан.

Омарова Аклима - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану кандидаты Алматы, Қазақстан;

Казтуганова Айнур - өнертану кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қауымдастырылған профессоры Алматы, Қазақстан.

Мухамеджанова Ляйля - музыкатанушы, Сыдық Мұхамеджановтың қызы Астана, Қазақстан.

Nguyen Van Phuc - оқытушы, өнертану докторы, Вьетнам Ұлттық Музыка Академиясы. Ханой, Вьетнам.

Gvantsa Ghvinjilia - доцент, өнертану ғылымдарының докторы, Вано.Сараджишвили, Тбилиси Мемлекеттік Консерваториясы, Тбилиси, Грузия,

Купец Любовь - А.К. Глазунов атындағы Петрозаводск мемлекеттік консерваториясының музыка тарихы кафедрасының доценті, өнертану кандидаты, Ресей Федерациясының Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Ресей Федерациясы, Петрозаводск қ.

Слесарь Евгений – өнертану кандидаты, Ресей Федерациясының Жоғары аттестаттау комиссиясы доценті, доцент Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты, Санкт-Петербург, Россия.

Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін конференция жұмысы әртүрлі тақырыптық бағыттары мен ғылыми ізденістері бар екі секцияда жалғасты. Модераторлар Құрманғазы.Қазақ ұлттық консерваториясының музыка, «Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер факультетінің» «Музыкатану және композиция» кафедрасының оқытушылары болды.

 

№1 секция «Қазіргі ұлттық мәдениеттердегі композиторлық және орындаушылық дәстүрлер» /// «С. Мұхамеджановтың шығармашылығы және оның мұрасы» деп аталды. Баяндамашылар саны 5 адамды құрады.

 

№2 секция «Дәстүрлер және инновация: жанрлар мен дәстүрлерді өзгертудегі музыканттың рөлі /// Тұлға мәдениет идеологиясы мен парадигмасы контекстіндегі тұлғадеп аталды. Баяндамашылар саны 5 адамды құрады.

Конференция қорытындысы бойынша қарарлар қабылданды, онда конференцияға қатысушылар конференция жұмысына, өткізілген пікірталастардың жемісті болуына және жоғары ұйымдастырушылық деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдірді.








   

Альбомдарға оралу